5.10.2022, 20:44
Оқылды: 123

Оралда 70-тен астам қой ұрлаған күдіктілер ұсталды

Оралда 70-тен астам қой ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

45020F4E-BA3F-448C-8504-F4DBCF331A1B

4 қазанда Орал қаласында БҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері 71 бас қой ұрлады деген күдік бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 30 жастағы Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.

Оларды ұстау кезінде ГАЗель маркалы автокөлігі тәркіленді. Осы көлік арқылы айыпталушылар ұрлықтарын жасаған. Жүргізілген тергеу нәтижесінде Теректі ауданының аумағындағы шопан нүктесінде ұрланған мал басы анықталып, толық тәркіленді.

Екі күдікті де ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта облыс аумағында жасалған дәлелдемелік базаны жинау және олардың мал ұрлығының ашылмаған фактілеріне қатыстылығын тексеру бойынша іс-шаралар жүргізу жоспарлануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале