21.12.2021, 19:14
Оқылды: 176

Оралда Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында КСРО халық әртісі және ҚР Еңбек Ері Әлібек Дінішевтің 70 жасқа толған мерейтойлық концерті өтті.
D55995CB-D3E6-4800-B395-3123C7B79A0D
Мазмұнды бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляковтың жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі қатысты. Айтулы өнер шебері концертінің беташарында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов дүлділ әншіні мерейжасымен құттықтап, сөз сөйледі.
03174AC6-D8CF-4EE3-A43E-50B08A430482

– Ақ тілегі мол Ақ Жайық тұрғындары атынан елімізге, жерімізге ат басын тіреп тұрған қадірлі қонағымыз Әлібек Дінішевке алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі концертке облыс әкімі Ғали Есқалиев біздің үкіметіміздің басшысы бастаған делегация құрамында Ресей Федерациясына ресми сапарға кеткендіктен қатыса алмады. Дегенмен Әлібек Мұсаұлының Ақ Жайық өңіріне деген ерекше ілтипатына орай сізге деген ыстық сәлемін жеткізді. Бүгінгі кешіміз сәтті өтсін. Құрметті Әлібек Мұсаұлы, адам өміріндегі мәнді де сәнді белестердің бірі - 70 жасқа толған мерейтойға жетіп отырсыз. Осынау киелі сахнада ән шырқап жүргеніңізге де жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті. Еліміздің жүрегі Астана, мәдени орталық Алматы, киелі топырақ Түркістан қалаларынан кейін өзіңіздің ата-бабаңыздың кіндік кесіп, кір жуған жері - Ақ Жайық өңіріне келуіңіз біз үшін үлкен қуаныш болып саналады. Шындығында да, Әбіш ағамыз айтқандай, бүгін өзіміздің Оралымызды қазақтың Венасы іспеттес сезініп отырмыз. Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары қазір өзіңіздің жауһар дауысыңызды естіп, тебіреніс пен шаттыққа бөленеді. Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығында осындай зәулім мәдениет ошағы - «Атамекен» өнер ордасында сіздің дауысыңызды есту – оралдықтар  үшін үлкен арман. Соған, міне, бүгін жетіп отырмыз. Өзіңізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз. Ешкімге ұқсамайтын ерекше дауысыңызбен көрермен қауымды қуантып жүре беріңіз, - деді Бақытжан Хаберұлы.

37867FE2-7D9A-42C7-B63C-8D12BFD49D73
Көрермен көпшілік Әлібек Дінішевтің орындауындағы баршаға сүйікті «Люблю тебя, мой край родной...», Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», Жаяу Мұсаның «Ақсиса», халық әні «Ақбақайды» тыңдап, жоғары бағасын берді.
006A6D4B-4B0D-4F33-928D-BE85EC9699BA
Залдағы тыңдармандар Матвей Блантердің, Василий Соловьев-Седойдың, Михаил Исаковскийдің, Арно Бабаджанянның бұрыннан белгілі шедевр әндерін орындағанда әншімен бірге қосыла шырқады. Әлібек Дінішев бұдан басқа, кеш бағдарламасында батыс еуропалық репертуардың көптеген әндерін тамылжыта шырқап, көпшіліктің құлақ құрышын қандырды. Әнсүйер қауым сүйікті әншісін ұзақ уақыт бойы сахнадан жібермеді. «Браво», «Бис» деген дауыстар залдың барлық бұрышынан естіліп жатты. Тыңдармандар опера сахнасының аңызына айналған тұлғасына тік тұрып, қошемет көрсетті.
Нұрым Нұрманов,
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале