10.07.2022, 17:29
Оқылды: 107

Оралда қарттар үйінің тұрғыны өз бөлмесінен асулы күйі табылды

9 шілдеде кешке Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (қарттар үйі) 61 жастағы тұрғыны өз бөлмесінде асулы күйі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

B77A64F1-554B-4573-906E-4793B09D719E

– Оған алғашқы көмек көрсетілді, бірақ одан нәтиже болмады. Қызметкерлердің іс-қимыл алгоритміне сәйкес, қызмет тұтынушы қайтыс болған жағдайда тиісті органдар хабардар етіледі, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасап, "Мой город" порталы.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қызметкерлерден сұрақ-жауап алынғандығы айтылады. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері 11 шілдеде белгілі болады. Осыдан кейін іс бойынша қорытынды шығарылады.

Белгілі болғандай, марқұм қарттар үйінің тұрғыны - екінші топтағы мүгедек. Ер адам 2008 жылдың 8 ақпанында Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп түскен.

– Оған биполярлы аффективті бұзылыс, жыл сайын өршитін аралас психикалық түр, гипоманиак жағдайы, орташа айқын гипопато-гипобуликалық ақау диагнозы қойылған. Биылғы мамыр айында ол облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығында ем алды. Оралда тұратын балалары бар, - деп нақтылады орталықтағылар.

Полиция аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 105-бабы, яғни "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале