4.06.2023, 10:13
Оқылды: 168

Оралда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде

Дәл қазір 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай шаһардағы Тұңғыш Президент алаңында салтанатты шара өтуде.

6C26910B-FF93-4D86-8329-9251CA8C5222

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын бүгінгі күн – елімізде Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Гимнді алаңға жиналған мыңнан астам адам қосыла шырқады.

4E53028C-4D3B-4ABE-A135-DC357FA95002

«Құрметті жерлестер! Қымбатты Ақжайық мекені! Елдің ел, мемлекеттің мемлекет екендігін айқындайтын ерекше қастерлі күн – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен баршаңызды құттықтаймын! 1992 жылы 4 маусымда алғаш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн рухымызды асқақтатып, Отанға деген сүйіспеншілігімізді паш ететін ерекше күн ретінде еліміздің тарихында мәңгі қалды. Жер бетінде мыңдаған ұлттар бар. Олардың арасында саны жағынан біздің халықты сан орап кететіні де кездеседі. Алайда, өзінің тәуелсіз мемлекетін құру олардың бәріне бірдей бұйырмаған. Алып планетадан туын тігер алақандай төбе таба алмай жүрген ұлттар қаншама. «Бақ – бағалағанның басында тұрады», сондықтан, басымызға қонған бақты бағалай білейік.

Мемлекеттік рәміздер – ең алдымен елдігіміздің, мызғымас бірлігіміздің белгісі, ұлттық сана-сезім мен отансүйгіштіктің символы. Оның қасиеттілігі сол, Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба мен Гимннен бастау алады. Оларды жүрекке басып, маңдайға тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесін биіктетеміз. Мемлекеттік рәміздеріміз алғашқы қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта да болып қайтты. Осының бәрі – тарих. Нақ осы мемлекеттік рәміздер – біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Мереке құтты болсын! Мемлекетіміз нығая берсін!», - деді көпшілік алдында сөз алған БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

3544D9AB-F2D3-4B45-AD3E-30F6058BFE15

Кейін өңір басшысы еліміздің дамуы үшін еңбек етіп жүрген үздік жандарды марапаттады. Олардың қатарында ҚР Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің, БҚО Полиция департаменті Орал қаласының Полиция басқармасының, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ұстаз, чемпион спортшылар бар.

3C5E4D64-5DC2-49C3-BA2D-B8C84B5B97A0

0A420F67-D48D-4B8F-A5AD-DF3D604CC717
1D45E7CB-53D5-48EB-9021-523000E327A6
73C73C22-E5FB-4096-AE5F-948F8AD20B49

86DCAF28-E764-43D5-9B33-79D5116BA9F6
Гүлмира Сәрсенғали,

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале