22.09.2021, 11:40
Оқылды: 110

Оралда «ММА Академиясы» ашылды

Жуырда Орал қаласының Ет комбинаты шағынауданынан ережесіз жекпе-жекті үйрететін "ММА Академиясы" спорт залы ашылды.

4

Өңірдегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында пайдалануға берілген кешеннің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

Аталмыш спорт залдың салынуына аралас жекпе-жек федерациясының БҚО бойынша Президенті Армат Бисенов меценаттық танытып, 20 миллион теңге қаражат жұмсаған.

Спорттың бұл түрін жандарына серік еткендер бұрын 70 шаршы метр жерде шынықса, ендігі уақытта заманауи құрылғылармен толық жабдықталған 500 шаршы метр залда жаттығатын болды.

Салтанатты рәсімге қатысқандар спортшыларды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта биік белестерді бағындыра берулерін тіледі.

6

2

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале