13.02.2023, 9:15
Оқылды: 386

Оралда облыстық пәндік олимпиада басталды

Оралда облыстық пәндік олимпиада басталды.

Жеңімпаздар 2022-2023 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға жолдама алады.

IMG-20230213-WA0142

Фото: БҚО білім басқармасынан

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, республикалық олимпиада жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептердің оқушыларының арасында өткізіледі.
Олимпиада 13 пәннен екі бағытта өтеді. Жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытта.

Жалпы олимпиада төрт кезеңнен тұрады.

І кезең – мектепішілік. Әр мектепте өтетін кезеңде интеллектуалды әлеуетін тексеру үшін барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

IMG-20230213-WA0140

2022 жылдың қараша айындағы мектепішілік олимпиадаға жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден өңірдегі 15 535 оқушы қатысқан.

ІІ кезең – аудандық (қалалық). Бұл кезеңде 30 қаңтар – 3 ақпан күндері аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық мектептердің ұйымдастыруымен өткізілді.

Бұл кезеңге 4 437 оқушы қатысты.

Оның ішінде аудан мектептерінен - 2727, Орал қаласы мектептерінен - 1 282 және облыстық мектептерден - 428 оқушы қатысты.

Бүгін ІІІ облыстық кезең басталды. Бұл кезең 18 ақпанға дейін облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Үшінші кезеңде жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептерден 643 оқушы қатысуға сұраныс берген.
Жаратылыстану-математика бағытында – 288, қоғамдық-гуманитарлық бағытында – 355 оқушы.

Олимпиаданың үшінші кезеңіне қатысатын 643 оқушының 293-і аудан намысын қорғайды. Орал қаласынан - 87, облыстық мектептерден – 263 оқушы білімдерін сынамақ.

Олимпиада Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде бекітілген сәйкес өтеді.

Аталмыш кезең «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының «El umiti» цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде прокторинг әдісі арқылы, яғни «1 оқушы, 1 компьютер, 1 камера» қағидасына сәйкес өтеді.

Айта кетейік, олимпиаданың қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және білім беруді басқару органдарының жоғары білікті өкілдері кіреді.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале