19.11.2020, 16:33
Оқылды: 99

Оралда оқушыны қағып өлтірген жүргізуші қыз 2 айға қамауға алынды

Оралда 10 жасар баланы көлігімен қағып өлтірген 22 жастағы жүргізуші қыз қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

EDB2B0F7-373F-44C5-876E-DCB006C541B3

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласының мамандандырылған тергеу соты қылмыстық қудалау органының аталған жүргізушіге екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 17 қараша күні Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапқан болатын. Рульде 22 жастағы қыз болған. Оқушы ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Осыған байланысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале