12.07.2026, 15:30
Оқылды: 6

Оралда полицейлер 4 жасар баланы қауіптен аман алып қалды

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Орал қаласында тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында көпқабатты үйдің 7-қабатынан құлап кете жаздаған 4 жасар бала аман қалды.

_gluster_2026_7_10_1e5be22b6b812b616eaa67cf6f964f82_1280x720

Фото: gov.kz

Оқиға Мөңкеұлы көшесінде болған. «102» арнасына терезеге шығып кеткен кішкентай бала туралы хабарлама түскен сәтте, оқиға орнына жақын маңда жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкері Рысбек Агзамов пен Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкері Рафаэль Ишакаев бірден көмекке ұмтылған. Сондай-ақ осы үйде тұратын және сол сәтте түскі үзілісте болған полиция жүргізушісі Батырбек Сейітов үйінен құралдарын алып шығып, құлыптаулы есікті бұзып ашуға көмектесті.

Есік ашылған бойда пәтерге бірінші болып кірген Рысбек Агзамов терезе алдында тұрған баланы қауіпсіз жерге түсіріп, ажалдан арашалап қалды. Белгілі болғандай, оқиға кезінде баланың анасы қысқа уақытқа сыртқа шығып кетіп, бүлдіршін үйде жалғыз қалған. Аталған дерек бойынша баланың ата-анасы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ІІМ полицейлердің қырағылығы мен үйлесімді жұмысы үлкен қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале