7.02.2019, 9:55
Оқылды: 83

Оралда полиция қызметкері көлігімен баланы қағып кетті

Оқиға 5 ақпан күні кешкісін Зачаган кентіндегі Е.Брусиловский көшесі бойында орын алды.

dtp

«Нива» автокөлігі баланы қағып кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 20.13-те шақырылды. Жедел жәрдем көлігі 20.19-да жеткен. 2007 жылғы бала облыстық ауруханаға жеткізілді.

-Облыстық ауруханада баланы нейрохирург қарады. Одан облыстық балалар ауруханасына жолдаған. Онда хирург қарап, жағдайы жаман еместігін айтып, ауруханада жатқызудың қажеті жоқ деп шешкен. Амбулаторлық ем алуға жіберілген. Баланың бетінде ісік бар,- деді А.Сақпосынова.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Қызметтік «Нива-21214» автокөлігінің рулінде полиция департаменті автошаруашылығының жүргізушісі болған. Баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша бала жолға жүгіріп шыққан. Оны қақпау үшін жүргізуші көлігімен қарсы бетке шығып барып, жолдан түсіп кеткен.

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале