22.11.2022, 23:05
Оқылды: 35

Оралда студенттер арасындағы дәстүрлі «JAŃA TOLQYN – 2022» шығармашылық фестивалі өтті

Бүгін Жастар мәдениет үйінде облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының 1 курс студент жастары арасындағы дәстүрлі «JAŃA TOLQYN – 2022» шығармашылық фестивалі өтті.

597B44D7-028B-4B02-A377-A7AEBC5A8C51

Бәсекелі додаға қаламыздағы төрт ірі жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Әр оқу орны тоғыз аталым бойынша концерттік бағдарлама дайындап, фестивальдің көркін қыздырды.

01ACA0A3-2E97-44D4-9499-F5E9B3B68F74

Әділқазылардың бағалауы бойынша М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «Эстрадалық ән», «Үздік дәстүрлі ән», «Аспапта ойнау шеберлігі», «Үздік көркем сөз оқу шебері», «Үздік фан-клуб» аталымдарын, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті «Хореография», «JAŃA TOLQYN  KUBOGI – 2022» жайдарман ойыны аталымын, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Үздік видеоролик» аталымын жеңіп алды.

7327A850-660A-40B7-A00D-7274A8172A86

Шығармашылық фестивальдің қорытындысы бойынша М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті I орынды, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ІІ орынды, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ІІІ орынды иеленсе, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университеті алғысхатпен марапатталды.

3CB16BD5-2B7E-4FF9-A813-F361BD9AAC60

Сонымен қатар жүлделі орын иелеріне ақшалай сертификаттар табыс етілді.

1E5C7240-311C-476C-BE75-31263CC8BDD0

0A31C893-4AC6-4AC2-9B3B-32352E90566D

72A86EFD-AAB6-4654-8D02-248A1DD69866

748B667F-8AD1-4904-B80B-2D1A5DEE5885

7A53BCD1-939C-47CC-8FB2-E60BF02699E1
052E1138-EB1C-43CA-8CA7-C944FCC748F9

237E8FEB-8F35-4CA9-BC2A-DF2D8A82E056

DC9A93C4-74BC-4660-A883-9A0957673E2E

B3BCF37A-57ED-4368-9BF5-7B618C887BF0

Суреттер облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығынан

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале