27.03.2023, 17:44
Оқылды: 134

Оралда театр күні аталып өтуде

Дәл қазір Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Халықаралық театр күніне арналған мерекелік шара өтуде.

3E4D0092-FC50-4B9B-8BBC-DD292272D5E2

Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, мәдениет мекемелерінің басшылары, театр ұжымы және өнерсүйер қауым қатысуда.

Мерекелік кеште облыс әкімі театр ұжымын мерекемен құттықтады.

8C13EECD-0D01-4F8A-ACB8-FC609BE67B11

«Баршаңызды бүгінгі Халықаралық театр күнімен құттықтаймын. Мәдениетке деген мемлекеттің көзқарасын, қолдауын сіздер жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында әлеуметтік салаға, соның ішінде мәдениетке өте үлкен көзқарас танытып отыр. Мәдениет қызметкерлерінің жалақысының артуы, мәдениетке бөлініп жатқан қаражаттың қомақты көлемі, осының барлығы мемлекеттің үлкен қолғабысы. Қазіргі уақытта елімізде осындай 65 өнер ордасы бар болса, соның бірі – осы қарашаңырағымыз Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры. Осы кезеңге дейін театр 200-дей қойылым дайындаған болса, соның 150-і әлі де халықтың көңілінен шығып, ұсынылуда. Біз жалпы өнерді сыйлайтын, соның ішінде қазақ өнеріне деген сезімі ерекше халықпыз. Мәдениетімізді өркендетіп жүрген осы театр ұжымына алғысымды білдіре отырып, баршаңыздың атыңыздан рақмет айтамын. Өнер бар жерде мәдениет бар, мәдениет бар жерде тәрбие бар. Бүгінгі мерекемен театр ұжымын шын жүректен тағы да құттықтаймын!», - деді өңір басшысы.

3442F2AC-D8EE-4D89-9D33-4A42F133BEB2

Салтанатты шара барысында Батыс Қазақстан облысының «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен Жазира Тукжанова, облыс әкімінің алғысхатымен Елена Кузнецова марапатталса, «Салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдар Батырхановтың алғысхатымен Болатбек Жалелов, Сания Хамзина, Элеонора Сұлтанова, «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Ақмарал Амандықова, Айнұр Вахитова, Аягөз Қабдрашевалар марапатталды.

4F17859E-D7FF-491E-8DCB-CF21B586BB7B

Айта кетейік, бүгін – Халықаралық театр күні. 1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» (World Theatre Day) деп бекітті. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық Театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді.

1E92F7AC-D554-414A-81B4-A111120D712B

7462E168-F8F3-47B3-9FD0-D1F78173C1D9

970BF6DB-5B23-47B9-A5C3-EDC2F4B52536

E2BD4C9B-D091-476F-A32E-0479C5D45435

644035A4-75FC-4348-BD00-AF6AB6F8E0F7

45023DC1-060E-47AD-9420-5DA376D8A8BE
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале