23.11.2020, 9:11
Оқылды: 99

Оралда түнгі клубта демалғандар әжетханаға тығылды

Оралда полиция қызметкерлері мониторингтік топ мүшелерімен бірге түнгі клубта көп адамның демалып жатқандығын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

B94BE67B-137D-43CE-84AE-8619F75C8FBC

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, індеттің өсе түскеніне және шектеу шараларына қарамастан, кейбір көңіл көтеру орындары карантиндік талапты бұзуды тоқтатар емес. Осындай оқиғаның бірі 20 қараша күні «Палладиум» сауда үйінде орын тепкен «ФСБ» түнгі клубында болды. Бейнежазбада көрсетілгеніндей, сағат 22.42-ден кейін де мұнда көп адамның көңіл көтеріп жүргені әшкереленді. Жауапкершіліктен қашпақ болған кейбір келушілер тіпті әжетханаға тығылды. Соның ішінде біреуі әжетхана ішінде қабырғадағы тесікке жасырынып, өзін тақтаймен жаппақ болғанымен, тәртіп сақшыларынан құтыла алмады.

«Түнгі клубта болған 80-нен астам адамның бәріне әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ нысанның иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабына сәйкес хаттама түзілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале