28.07.2023, 11:15
Оқылды: 177

Оралда үш демалыс аймағы абаттандырылады

Бұл туралы Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов өзінің instagram парақшасында жазды.

edcd4dc5-b851-421c-b5e0-10a3c86a33a7

- Шаһардың келбетін қалыптастыруда, тұрғындардың уақытын жайлы өткізуде тынымбақтар мен гүлзарлар маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдары оралдықтардың абаттандырылған қоғамдық кеңістіктерге сұранысы арта түсті. Сондықтан қала тұрғындарының таза ауада серуендеп, тынығуына қолайлы жағдай жасауды жалғастыруымыз қажет.

Жуырда қала аумағында үш жерде демалыс аймағын абаттандыру басталды. Зашаған кентіндегі

Орал - Саратов тас жолының бойында жалпы аумағы 5,3 гектар болатын сквердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнда жүгіру жолағы, балаларға арналған алаңдар, воркаут аймақтары, модульді әткеншектер орнатылады. Демалыс аймағы қоршалып, толықтай жарықтандырылады. Нысанды абаттандыру кезінде аумақты көгалдандыру, ағаш отырғызуға баса назар аударамыз.

6376f24c-1c20-4bde-86d1-4a1a1d55674d

Сонымен қатар қазіргі таңда М.Өтемісов атындағы БҚУ арбатын және №44 мектеп маңындағы аллеяны абаттандыру жүргізіліп жатыр. Қос демалыс орны сол аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуі үшін тартымды аймақтарға айналады деп сенемін.

2129d576-fb27-4667-a94b-a873f25cc7f1

Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы тағы да бірқатар қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарымызда бар. Мұндай демалыс аймақтары әр қала тұрғынына «қадамдық қолжетімді» болуы қажет. Біз осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз, - делінген жазбада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале