7.12.2020, 20:54
Оқылды: 91

Оралда жексенбі күні автобус жүретін болды

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

авт

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткендей, 9 желтоқсаннан бастап күшіне енетін қаулыға сәйкес бірқатар шектеу шаралары жеңілдетілді.

Атап айтқанда, енді жексенбі және мереке күндері де барлық сауда үйлері, жабық базарлар ашық болады. Қалада сондай-ақ осы күндері қоғамдық көлік те жүреді. Бұрын халықтың қозғалысына сағат 23.00-ден бастап таңғы 06.00-ге дейін шектеу қойылған болатын. Енді сағат 00.00-ден 06.00-ға дейін қозғалыс шектеледі.

Дегенмен ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, жаппай жаңа жылдық іс-шаралар (соның ішінде ертеңгіліктер, корпоративтер), сондай-ақ үйде және адамдар көп жиналатын жерлерде отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге тыйым салынады.

Басқа да шектеу шаралары күшінде қалады.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале