14.03.2024, 14:30
Оқылды: 25

Пациенттерді қолдау қызметі туралы не білесіз?

Бүгінде әр емхана жанында пациенттерді қолдау қызметі бар. Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады.

dfce2856-3908-4b13-bcd2-dda34eb5ce96

Пациенттер бетпе-бет келетін проблемаларды жедел шешу де осы қызметтер мамандарының міндеттеріне жатады. Қажет болған жағдайда олар ішкі аудит жүргізіп, оның нәтижелері бойынша медициналық ұйымның әкімшілігі бұзушылық фактілерін анықтаған немесе растаған жағдайда тиісті шара қабылдайды.

ПҚҚ-ға қандай себеппен жүгінуге болады?

  1. Шұғыл көмек алу үшін сізден сақтандырылған мәртебесі талап етіледі. Учаскелік дәрігердің болмауы себебінен пациентті қабылдамағанда, бейінді маманнан кеңес ала алмағанда, өйткені ол штатта жоқ немесе оған жазылу бір ай бұрын толтырылған жағдайда.
  2. Сізге МӘМС бойынша қолжетімді диагностикалық немесе зертханалық тексерулерге жолдама берілмейді, алайда сіздің бұл үшін медициналық көрсеткіштеріңіз бар.
  3. Сізге жоспарлы тексеруді немесе бейінді мамандардан кеңес алуды 10 жұмыс күнінен артық күтуді ұсынады. Алайда бірлесіп орындау шарты бойынша басқа медициналық ұйымдарға жібермейді.
  4. Учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер сіз осы емханаға аумақтық принцип бойынша тіркелген болсаңыз да, үйде шақыру қызметін көрсетпейді.
  5. Сізді жүргізілген зерттеудің нәтижелерімен таныстырған жоқ.
  6. Қабылдау кезінде дәрігер дөрекілік танытты, өзін дұрыс ұстамады немесе медициналық этиканы бұзды.
  7. Сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбадыңыз.
  8. Сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданасыз.
  9. Сіз өзіңіздің медициналық жазбаларыңыздан қате мәліметтерді немесе қосып жазуларды байқадыңыз.
  10. ССіз жалпы медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның жұмыс сапасына көңіліңіз толмайды;
  11. ТМККК және МӘМС пакеттерінде медициналық көмек алумен байланысты мәселелер бойынша.

4abd22a5-ff7e-4f80-9526-c96803af4d52

Егер сіздің мәселеңізді пациенттерді қолдау қызметі шешпесе, әрқашан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайтына, 1414 Бірыңғай байланыс орталығына, qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot байланыс арналарына жазып, көмек сұрай аласыз.

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры БҚОФ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале