19.02.2021, 14:24
Оқылды: 176

Полигоны жоқ...

Кен орындарындағы қауіпті қалдықтарды залалсыздандыратын сервистік компаниялардың (тек біреуінде ғана бар) полигондар мен жабдықтары мүлдем жоқ. Мұндай жағдай экологиялық түйткілді туындатуы ықтимал. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО бойынша экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов мәлімдеді.

 бри

«ҚПО б.в.» компаниясы мен "Жайықмұнай" ЖШС-ның өндіріс барысында түзілетін қалдықтарын қайта өңдейтін нысандары жоқ. Қалдықтар залалсыздандырумен және кәдеге асырумен айналысатын мамандандырылған ұйымдарға беріледі. Облыс бойынша ондай 10-ға жуық сервистік қызмет көрсететін компаниялар ("Грин Ақсай" ЖШС, "АқсайГазСервис" ЖШС, "Интермед Орал" ЖШС, "Green Eco Technology" ЖШС, "Батыс Эко Орталығы" ЖШС, "Халп Экойл" ЖШС, "Арктур" ЖШС және т.б.) жұмыс істейді. Алайда "Green Eco Technology" ЖШС-дан  (кешен Гарбуново кентінде орналасқан) басқа сервистік компанияларда облыс аумағында қалдықтарды қайта өңдеу және залалсыздандыру жөніндегі жеке полигондары мен жабдықтары болмағандықтан түйткілді мәселелер туындайды. Оның үстіне жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануымен қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызмет лицензияланатын болды.

- Осы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың меншігінде арнайы техниканың болуы талабы қойылып отыр. Алайда біздің облыстың сервистік компаниялары бұған мүлдем дайын емес. Ал қалдықтарды кәдеге жарату үшін республиканың басқа өңірлеріне шығару экономикалық тұрғыдан алғанда облыста 2011-2014 жылдары орын алған елеулі экологиялық түйткілді мәселелерді туындатуы ықтимал. Осыған байланысты жер өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату кешенін салу мәселесін шешу үшін жер қойнауын пайдаланушылардың, сервистік ұйымдардың және әлеуетті инвесторлардың қатысуымен жеке жұмыс кеңесін өткізу ұсынылады. Онда қойнауын пайдаланушылардың  келісімшарттық аумақтарына жақын жерден қалдықтарды өңдеу нысанын салу жөнінде әлеуетті инвестор табу не мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі аясында шешу көзделеді, - деді Е.Қуанов.

 

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале