2.12.2022, 11:30
Оқылды: 541

Президент Әкімшілігінің Басшысы Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімін таныстырды

Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Орал қаласына жұмыс сапарымен барып, облыстың барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысты.

IMG-20221202-WA0012

Алдымен Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына Бауыржан Айтмағамбетов пен Нариман Төреғалиевтің кандидатураларын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хаты оқылды.

Ашық дауыс беру нәтижесінде мәслихаттардың 37 депутаты Бауыржан Айтмағамбетовке, 123 депутаты Нариман Төреғалиевке дауыс берді.

IMG-20221202-WA0017

Дауыс беру нәтижесі бойынша Президенттің Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

IMG-20221202-WA0013

Президент Әкімшілігінің Басшысы облыстың жаңа әкімін таныстыра келе Нариман Төреғалиев жауапты қызметтерде мол тәжірибе жинаған маман екенін атап өтті.

IMG-20221202-WA0015

Облыс әкімінің алдына өңір экономикасын дамыту, тозығы жеткен инженерлік желілерді жаңарту, көлік жолдарын қалпына келтіру, экология проблемаларын шешу міндеттері қойылды.

Мұрат Нұртілеу биыл қоғамдық маңызды шаралар көп болғанын, соның бәріне атсалысып жүрген облыс халқына Президенттің алғысын жеткізіп, өзінің ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Әділетті Қазақстан құру жолында еңбек етіп, облыс тұрғындарының игілігі үшін Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді абыроймен орындау керек екенін айтты.

Сонымен қатар өңірді бұған дейін басқарған Ғали Есқалиевтің атқарған қызметіне Мемлекет басшысының алғысын жеткізді.

t.me/bort_01

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале