4.10.2026, 10:00
Оқылды: 29

Президент Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды басшыларын қызметтен босатты

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің бірқатар жоғары лауазымды басшысы қызметінен босатылды.

InShot_20261004_012409283

Фото: aqorda_resmi

Атап айтқанда, Қаныш Әбубәкіров ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды. Генерал-лейтенант бұл жауапты қызметке 2026 жылдың қаңтар айында тағайындалған болатын.

Сонымен қатар Алмаз Джумакеев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке ағымдағы жылдың наурыз айында келген еді.

Бұдан бөлек, Қанат Ниязбеков ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, бұл кадрлық шешімдер елдегі әскери сала мен қауіпсіздік бағытындағы өзекті оқиғалар, атап айтқанда, Қарулы Күштердегі тәртіп пен жауапкершілікті күшейту жұмыстары аясында қабылданып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале