21.05.2025, 17:00
Оқылды: 309

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аясында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Орал қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсаловтың қатысуымен тәжірибесі бар жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.

WhatsApp Image 2025-05-21 at 14.13.53 (1)

Кездесудің мақсаты Президенттік жастар кадр резервіне қатысу тетіктерін түсіндіру, болашағынан үміт күттіретін кадрларды қолдау және оларды мемлекеттік басқару жүйесінің жаңғыру үдерісіне тарту.

Іс-шараға сондай-ақ, Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қатысып, жас мамандарды қолдау бағытындағы өз пікірін білдірді.

Департамент басшысы Мұрат Байсалов қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде: «Президенттік кадрлық резерв – бұл жай ғана тізім емес. Қазіргі таңда Резерв уақыт талабына жауап беретін, бастамашыл әрі ел мүддесін бәрінен биік қоятын жаңа буын көшбасшыларының алаңы. Мемлекеттік қызметке біз жауапты, стратегиялық ойлай алатын жастарды тартуға мүдделіміз», – деп атап өтті.

Аталған бастаманың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқанын және кадрлық саясаттың стратегиялық құралына айналғанын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Жастар – елдің даму күш-қуаты. Біз жаңа буын көшбасшыларын даярлау үшін кадрлық резерв құрамыз. Олар білікті, принципшіл және елжанды болуы тиіс», – деп атап өткен болатын

Осы сөздер кездесу барысында жиі айтылып, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастардың санасына жігер мен сенім ұялатты.

Кездесуде Батыс Қазақстан облысы бойынша Президенттік резервке енген және қазіргі таңда лауазымды қызметте жүрген жас мамандардың нақты мысалдары келтірілді және резервке қатысудың нақты мүмкіндіктер беретінін, мемлекеттік басқару саласында өсуге жол ашатынын көрсетті.

WhatsApp Image 2025-05-21 at 14.13.52

«Бізге тек орындаушылар емес, шешім қабылдай алатын жас көшбасшылар керек. Бүгінгі жастар – ертеңгі басқарушылар. Сіздерге үлкен сенім артылып отыр», – деді Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов.

Кездесу барысында қатысушылар конкурсқа қатысу тәртібі, бағалау кезеңдері, қажетті құжаттар мен құзыреттерді дамыту бағытында сұрақтар қойып, нақты кеңестер алды.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале