13.11.2026, 19:00
Оқылды: 0

Сауда министрлігі мен arzan.kz тауар бағаларын салыстыру серфисін бірлесіп дамытпақ

ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен тауар бағаларын салыстыруға арналған arzan.kz цифрлық сервисі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

InShot_20261113_182420573

Фото: saudagovkz

Бірлескен жұмыс халыққа тауар бағалары мен жеңілдіктер туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, тиімді сауда жасау мәдениетін қалыптастыруға және баға мониторингінің цифрлық құралдарын жетілдіруге бағытталған.

Қазіргі уақытта arzan.kz платформасы Қазақстанның 7 қаласында жұмыс істейді. Сервис арқылы 18-ден астам сауда субъектісі ұсынған 220 мыңнан астам тауардың бағасын салыстыруға болады.

Платформа тұтынушыларға қажетті тауарлардан өз себетін құрастыруға, олардың әртүрлі дүкендердегі бағаларын салыстыруға, қолданыстағы жеңілдіктермен танысуға және ең тиімді ұсынысты таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша, азаматтар сатып алуды алдын ала жоспарлап, отбасылық бюджетін үнемдей алады.

Ынтымақтастық аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ерекше назар аударылады. Платформада олар арнайы белгімен көрсетілген. Нәтижесінде тұтынушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын басқа өнімдерден оңай ажырата алады.

Сонымен қатар сервисте тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауда жүргізу қағидалары және сауда үстемелерін қолдану тәртібіне қатысты қолданыстағы заңнама нормаларына сілтемелер орналастырылады. Бұл азаматтарға өз құқықтарын жақсырақ білуге және қандай тауарларға сауда үстемесін мемлекеттік реттеу қолданылатынын түсінуге көмектеседі.

Айта кетейік, ынтымақтастық ерікті әрі тең құқықты негізде жүзеге асырылуда. Оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, бұл тек ақпараттық сипатқа ие.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале