28.11.2026, 11:00
Оқылды: 15

Шекарашылар он күнде 508 млн теңгеден астам декларацияланбаған валютаны тәркіледі

2026 жылғы 16-25 қараша аралығында шекарадағы өткізу пункттерінде жалпы сомасы 508 млн теңгеден асатын декларацияланбаған валютаны алып өтудің 59 әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2026-11-27 at 23.33.00

Фото: knbgov_kz

Атап айтқанда, 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекарада Қазақстан азаматының жүгінен 4 441 500 рубль (шамамен 23 млн теңге) табылса, 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде 200 000 АҚШ долларын (шамамен 91 млн теңге) жасырын өткізбек болған шетелдік азамат анықталды.

Аталған деректер бойынша жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін тергеулігі бойынша құзыретті органдарға жолданды.

Қазақстан заңнамасына сәйкес ел аумағынан тыс жерлерге 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақша қаражатын әкетуге тыйым салынған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале