14.07.2022, 16:15
Оқылды: 125

Тасқаладағы түйіткілдер

Өткенде айда Тасқала ауданының Тасқала ауылында халықпен кездесу өткізген, «Әділдік жолы» РҚБ-ның Орал қаласындағы филиал төрағасы Бауыржан Ахметжан тұрғындардың базынасын өзінің facebook парақшасында жариялап, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің назарына ұсынды.

293579230_1203853703737699_5417387516228785582_n

«Сұхбаттасқандар мен хабарласқандар келесі ұсыныстарды, мәселелерді сізге жеткізуді тапсырды», - деп жазады Бауыржан Закиұлы.

  1. Оян және Қосшы ауылдық округтеріндегі асфальт жолдың жоқтығы.
  2. Атамекен ауылына баратын асфальт жолдың ауыр жүк көліктерінің әсерінен бұзылуы.
  3. Кенттегі сегіз көшеге тек тас төселіп, асфальт қабатының жабылмауы.
  4. Кенттегі тас жолға (Аққурай ауылына бұрылыс тұсы) жаяу жүргіншілерге арналған жол салу (түнде жарығы бар). Себебі, көлік қозғалысы көп осы жерден адамдар мен балалар жиі өтеді. Ең жақын жаяу жүргіншілер жолы 1 шақырым жерде.
  5. Ұялы байланыс желісі шамалы қызмет етеді.
  6. Газ және электр қуаты қымбат. Олардың бағасы басқа аудандарға, облыстарға қарағанда әр түрлі.
  7. Тері, жүн қабылдайтын, өңдейтін жерлердің жоқтығы.
  8. Аудан орталығында қоғамдық әжетхана жоқ.
  9. «Самғау» спорт клубы ғимараты негізгі қызметі бойынша пайданылмайды.
  10. 10. «Садық Жақсығұлов» шағын ауданында тұратын адамдар үшін «Орал - Саратов» автотрассасында жаяу жүргіншілер жолын салу. Өйткені, арнайы жолақ жоқ және балаларға, тұрғындарға жолдан өту қауіпті. Полиция қызметкерлері жолағы жерден өттіңдер деп, ескерту жасайды.
  11. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп жөніндегі уәкілінің жұмысы шартты жасалуда. Дөрекі, этикаға жатпайтын фактілер бар.
  12. Кент маңындағы зираттағы жердің жетіспеуі. Басқа жерден жер учаскесі бөлінген, алайда оған тас жол жоқ. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 32,33-тармақтары орындалмауда.
  13. Кент маңында орналасқан жанар-жағармай бекеттерінің мүлік иелерін жеке немесе заңды тұлғаларды аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркету. Кент әкімдігі және салық органы бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, қажеттілігін түсіндірсін. Сонда, жергілікті бюджетке түсетін салық бірнеше есе көбейеді.
  14. Аудан территориясында егін егуге, мал бағуға арналған жері бар шаруа қожалықтары мен ЖШС-де тіркелген автокөліктерді, ауыр техникаларды қайтадан ауданға тіркету. Бұл да бюджеттің артуына әкеледі.
  15. «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы» мамандарының жалақысын 50%-дан 100%-ға дейін көбейту. Функцияналдық міндеттерін нақтылау.

Себебі, басқа аудандарда, облыстарда еңбекақы көлемі көп.

  1. «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы» мамандарын мекемелерге жұмысқа қабылдау комиссияларына қосу. Әсіресе жастарды қолдау бойынша.
  2. Жер комиссиясы құрамынан басшыларды шығарып, әр саланың (бизнес) мамандарынан іріктеу. Жұмысы тәуелсіз болуы үшін.

Комиссия отырысын әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсету (басқа аудан, облыстардың тәжірибесіне сай).

Арыз берген тұлғаның комиссия отырысына міндетті түрде қатысуы және өзінің жобасын қорғауы (жерді не үшін алады, қанша инвестиция, жоспары және т.б.).

  1. Ауданда пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлер бар. Мысалы, «Агро» ЖШС-нің шамамен 4 000 га жер учаскесі.
  2. Кенттегі 320 адамға арналған Спорт кешені құрылысының негізсіз тоқтағаны және 2020 жылы басталған құрылыстың ұзаққа созылуы.

Тұрғындар бұл әлеуметік нысанның ашылуын күтуде және құрылысқа ауылдан жұмысшылар алынатынына үміт бар.

«Сондықтан Сізден осы аталған көкейкесті мәселелерді жұмысқа қабылдап, тиісті уәкілетті органдарға, оның ішінде Жер қатынастары басқармасына, Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасына (17-18 сұрақтар), Жастар саясаты мәселелері басқармасына (15-16 сұрақтар), Полиция бөліміне (10-сұрақ) жолдап, барлығының жауабын жинап, нәтижесі туралы жауап беруді сұраймын», - дейді Бауыржан Ахметжан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале