28.11.2026, 10:00
Оқылды: 0

THE PITCH бағдарламасы аясында қазақстандық креативті жобаларға 1,2 млрд теңге инвестиция тарту жөнінде алдын ала келісім жасалды

22-27 қараша аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры THE PITCH инвестициялық бағдарламасын өткізді.

photo_5211134905037833543_y

Фото: madenietaqparat

Бағдарламаға 70 шығармашылық топ мен 83 инвестор, соның ішінде Түркия, Корея Республикасы және Сингапур өкілдері қатысты.
Қазақстандық кәсіпкерлер кино, анимация, музыка, театр, сән, дизайн, баспа ісі, білім және цифрлық технологиялар саласындағы жобаларын таныстырды. Жобаларды таныстыру және инвесторлармен жеке кездесулер өткізу нәтижесінде отандық креативті жобаларды қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 2,69 млн АҚШ долларын (шамамен 1,2 млрд теңге) құрайтын 20 алдын ала келісім жасалды.
Алдағы уақытта қор тараптар арасындағы келіссөздерді жалғастыруға, инвестициялық келісімдер жасасуға, отандық жобалардың ауқымын кеңейтуге және халықаралық нарыққа шығуына қолдау көрсетуге басымдық бермек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале