10.05.2017, 15:31
Оқылды: 88

ҰОС ардагеріне «Қазақстан прокуратурасына 25 жыл» медалін табыстады

Prokuratura sogis   Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысының және прокуратура органдарының ардагері Иван Степанович Гапичті мереке күнімен құттықтап, «Қазақстан прокуратурасына 25 жыл» медалі мен бағалы сыйлықты табыстап, тілектерін айтты.


    Иван Степанович Гапич 1923 жылы ақпанның екісінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары Польша, Чехословакия және Украинаның жау қолынан азат ету үшін болған соғыстарға қатысқан.

   Ол бірқатар ордендермен медальдардың иегері және 1945 жылы 24 маусымда Мәскеу қаласындағы Қызыл Алаңдағы Жеңіс парадының қатысушысы.

   Соғыс аяқталғаннан кейін прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды. 1966-1986 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

  «Прокуратура органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің және тағы басқа медалдарының иегері.

    Ардагердің еңбек жолы мен өмірлік тәжірибесі біздер үшін үлгі.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале