Кеше сағат 16:30-да ТЖД жедел кезекшісінің пультіне 1987 жылы туған азамат және 2015 жылы туған баланың суға батып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлады БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: Азаттық рухы
Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, олар Теректі ауданының Ақжайық ауылындағы Жайық өзеніне жабдықталмаған және тыйым салынған жерде суға түскен.
Іздестіру жұмысына ТЖД жедел құтқару жасағы (4 адам, 1 техника), ТЖД (1 адам), ТЖБ (адам), АПБ (3 адам), ЖАО (2 адам) күштері жұмылдырылған.
Жедел құтқару жасағы жеткенге дейін 1987 жылғы азаматтың денесін жергілікті тұрғындар тауып алып, судан алып шыққан.
Ал ұл баланың денесін жедел құтқару жасағы әлі де іздестіруде.
Су айдынының сипаттамалары: орташа тереңдігі 9-10 м, ені - 50 м, ағынның жылдамдығы — 1,5 м/с. Ауа температурасы 31 градус, судың шамамен температурасы 15-17 градус болды.
Айта кетейік, жаз басталғалы Батыс Қазақстанда 15 адам суға кетсе, оның 6-уы бала.
zhaikpress.kz
11:3031.08.2023
БҚО-да көпқабатты үйден өрт шықты. Қайтыс болғандар бар.
17:3025.08.2023
Биыл жазда 176 адам суға кетіп көз жұмды
11:4522.08.2023
Тойдан қайтқан: 11 адамның Сырдарияға қалай батып кеткеніне қатысты алғашқы болжам айтылды
11:3021.08.2023
Оралда сүйіктісімен ренжіскен жігіт көпірден секіріп кетпек болды
31.08.2023, 11:30
25.08.2023, 17:30
22.08.2023, 11:45
21.08.2023, 11:30