12.04.2023, 17:09
Оқылды: 204

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде

Дәл қазір Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Ғылымға жол-2023» атты студенттер, магистранттар және докторанттардың X Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр. Конференция университеттің 60 жылдығына арнайы ұйымдастырылған.

IMG_9444

Конференцияға қатысу үшін 180-нен астам қатысушыдан өтінім түскен. Ұйымдастыру комитеті іріктеу және рецензиялау кезеңінен кейін 170-ке жуық баяндаманы бекіткен. Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, оффлайн және онлайн өтуде. Конференция отандық және халықаралық жоғары оқу орындардың студенттері, магистранттары және докторанттары арасында өзара ақпарат алмасуды жақсартуға мүмкіндік береді.

IMG_9471

Конференция жұмысына Уфа мемлекеттік мұнай және технологиялық университеті, Самарқанд мемлекеттік ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университеті, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті және отандық жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары қатысуда. Конференция аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық секциялар бойынша жұмыстар, стендтік баяндамалар өткізілуде. Сонымен қатар, университеттің мерейтойына орай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 60 жылдығына арналған университет ғалымдарының ғылыми еңбектері көрмесі ұйымдастырылған.

WhatsApp Image 2023-04-12 at 15.14.09

Көрмеде профессор-оқытушылардың соңғы жылдары шыққан түрлі саланы қамтитын 200-ден астам оқулықтары мен оқу құралдары, монографиялары, сонымен қоса конференция материалдары да қойылған. Көрмеге келген оқырмандарға 5 жыл сайын шығарылатын университет ғалымдары еңбектерінің библиографиялық көрсеткіштерінен дайындалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалады.

Бүгінгі ғылыми қызметкер күніне орай ұйымдастырылған конференция халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және университеттің әлемдік ғылыми ортаға кірігуіне ықпал етеді. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да сәуір айы бойы ғылыми айлық өтетінін атап өткізіміз келеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале