15.03.2021, 23:15
Оқылды: 158

Жастар кітап оқымай ма?

Қазіргі таңда адамдардың, соның ішінде жастардың кітап оқуға  ынта-ықыласы төмендеп кетті деген пікірлер жиі айтылуда. «Кітапханаларда барлық жағдай жасалған. Бірақ жастар оған оқта-текте болмаса, үнемі келе бермейді. Жастар кітап оқымағасын, сөздік қоры жұтаң, есте сақтау қабілеті төмендеп барады, шығарманы дұрыстап жаза алмайды. Ұзақ күн бойы ұялы телефонға үңіліп отырады, түнде де солай. Мұның өзі жақсы емес, жастардың санасын немқұрайдылық басып алған. Бүгінде жастар арасындағы қылмыстың өршуі, тастанды сәбилердің көбеюі, тағы да келеңсіздіктердің жиілеуінің бір ұшығы да осыдан. Шетелдік шедевр туындыларды айтпағанда, қазақтың классик жазушыларының шығармалары шаң басып, сөреде жатыр. Кітап оқылмайтын болған мына заманда жас жеткіншектердің де тәрбие сінің шатқаяқтауы осыған саяды емес пе?» деген сықылды әңгімелер жиі естіліп қалады. Ғалымдар кітап оқуға құштарлықтың төмендеуін масс-медианың дамуымен байланыстырады. Бұл пікірдің жөні бар. «Книголюб» журналындағы деректерді негізге алсақ, оқырмандардың дені жоғары және орта оқу орындарында оқып жатқан жастардан құралған.

 кккк

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 16 наурыз күнгі №21 санынан журналист Нұрымбек Жапақовтың «Жастар кітап оқымай ма?» атты мақаласынан оқи аласыздар!

zhaikpress.kz

Сурет KYN.rz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале