19.05.2023, 20:06
Оқылды: 150

Жастарға кеңес берілді

Жастар – еліміздің басты ресурсы және болашағы болғандықтан, мемлекет олардың әлеуетін көтеруге көп көңіл бөлуде. Осы орайда біз де бұл бастамаға үн қосып келеміз.

жастар

“Жастарға кеңес” жобасында 21-35 жас аралығындағы кәсіпкерлерді қолдауға арналған 2,5% несие беру бойынша ақпарат ұсынылды.

Бүгінгі таңда баспана тақырыбы өзекті. Ал баспана алудың тиімді жолын “Отбасы банк” қызметкері түсіндірді.

Сонымен қатар орталықтың теолог маманы Әсет Исламбекұлы ислам діні жайында сұрақтарымен жүгінген тұрғындарға сауатты ақпарат берді.

Қалалық 3 емхана дәрігері денсаулықты күту мен салауатты өмір салтын ұстануды негізе ала отырып, әр қатысушыға жеке кеңес берді.

Жаз мезгілінде өз күшімен еңбек етіп, ата-анасына көмектесуді мақсат тұтатын жастар қатары көптігі қуантады. “Жасыл ел” бағдарламасы осындай еңбекқор жастарға таптырмас мүмкіндік. Студенттер аталмыш бағдарлама туралы мағлұмат алып, жұмыс жасауға ниет білдірді.

 

Сымбат Қыпшақбай

Орал қалалық ақпараттық-талдау және

жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталықтың бөлім басшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале