1.07.2021, 11:47
Оқылды: 182

"Жерлестерімді екпе алуға шақырамын"

Эльмира Мырзағалиева, жоғары санатты тері-венерология дәрігері:

E8AAD706-EA3F-4BA2-82DB-F529E1746C7D

– Әлемді жайлаған індеттен тек екпе қабылдау арқылы сауығуға болатынын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Бүгінгі таңда халықтың жаппай вакцина алу керектігі туралы жиі айтылып келеді. Бір өкініштісі, арамызда әлі күнге дейін вакцинаға, тіпті аурудың бар екеніне сенбейтін жандар аз емес. Айтатыным, осы уақытқа дейін қазақ халқының басына түскен оба, сүзек, тырысқақ, шешек, қызылша, дефтерия секілді аурулардан талай адамның қырылғаны тарихтан белгілі. Жоғары санатты дәрігер ретінде аталған індеттердің барлығын екпе жасау арқылы жеңе білдік деп толықтай айта аламын. Ол уақытта да ауруды жоятын екпе салдыруға қарсы шыққандар болғанымен, кейін ол адамдар вакцина алмай індетті жеңу мүмкін еместігін түсінді. Өзім жақында қалалық №1 емханасынан ресейлік «Спутник V» препаратының бірінші компонентімен егілдім. Екпенің орыны аздап ауырсынғаны болмаса, басқа теріс әсері болған емес. Ұл-қызым да вакцина салдырды. Барша жерлесімді екпе алуға шақырамын. Меніңше, бәріміз жаппай вакцинацияланбай бұл індетті жеңу мүмкін емес. Қойылған талапты орындап, бұрынғы жайдары күнімізге қайта оралайық, ағайын!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале