15.04.2021, 23:35
Оқылды: 504

Жұбан молда кім болған?

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Бәйтерек аудандық мұсылмандар мешітінің қабырғасына «Жұбан молда мешіті» деген жазуы бар тақта ілінді. Онда Жұбан молда Жүрдібекұлының көрнекті дін қайраткері, ахун болғаны, шәкірт тәрбиелеп, ел ішіндегі аңыз әңгіме, шежірелерді де хатқа түсіріп, ағартушылықпен айналысқаны туралы шағын ақпарат берілген. Жұбан молда Жүрдібекұлы – тарихи тұлға, Ішкі қазақ ордасындағы (Бөкейлік) діни-ағартушылық қызметімен елге танымал болған адам. Ол 1834-1823 жылдар аралығында қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмында өмір сүрген. Бүкіл өмірінде мешіт ұстап, медреседе бала оқытып, халықтың рухани ағартушылық қызметін атқарған.

жұ

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 16 сәуір күнгі №30 санынан танымал журналист Қазбек Құттымұратұлының «Жұбан молда кім болған?» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале