12.06.2020, 17:43
Оқылды: 209

Жұмысшы  мамандығы – жарқын болашақтың бастауы

логотип колледжа

Бай болуға кәсіп керек

Күшті болуға бірлік керек

Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек

Ахмет  БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

 

 

 

 

 

 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты – «Іскер азамат – ел тірегі» деп аталады. Ондағы міндет – бизнес идеясын қоғамды қайта құру мен жаңғыртуда жаңа қозғаушы күш,  ұлт  тірегі ретінде жүзеге асыру. Әр мектеп түлегі алдында болашақ мамандықты таңдау міндеті тұр. Бүгінде әлем нарығы көптеген мүмкіндік ұсынып отыр. Қазіргі қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Дәл бүгін заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап.

Бүгінде  Қаратөбе колледжінің материалдық-техникалық базасы заман талаптарына сай жаңа технологиялық жабдықтармен  қамтамасыз  етілген. Мамандықтарға сәйкес зертханалар мен шеберханалары оқу-әдістемелік, көрнекі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі заманда адамның өмірдегі жағдайы мен қоғамдағы орны – оның білім мен еңбекке қатынасына қарай айқындалмақ. Тек сапалы білім алып, таңдаған мамандығы бойынша табысты еңбек ете алған адам ғана өмірден өз орнын таба алады.

20161126_111345

Қазіргі аспазшы мен тігіншіге, дәнекерлеуші мен құрылысшыға, жүргізуші мен ақпараттарды қайта өңдеу маманы бойынша білім алушыларға  болашақта заман көшінен қалмай, заманауи техниканы жетік меңгерген  жоғары және бірінші санатты оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері білім береді. Колледждің әдістемелік кабинеті оқытушылардың кәсіби білімдерін тереңдету және педагогикалық шеберлігін көтеріп, шығармашылық дамуына үнемі жағдай жасайды. Білім ордасындағы оқушылар мен оқытушылардың шығармашылығын дамыту, ғылыми ізденіске баулу жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілуде. Оқу орнында теорияда алған білімді тәжірибеде шыңдау мақсатында колледжішілік кәсіптік шеберлік сайыстары оздырылады. Білім алушыларға мамандықтың қыр-сырын меңгертуде, білім-білік дағдыларын жетілдіруде, саналы тәрбие беруде жаңашылдығымен, ізденімпаздылығымен көрініп жүрген жоғары білімді, бірінші санатты өндірістік оқыту шеберлері дәріс береді.

Қаратөбе колледжінде 2014-2015 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №58 «Білім беру ұйымдарында эксперимент режімінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» және БҚО білім басқармасының 2013 жылғы 18 шілдедегі №504 «Техникалық және кәсіптік білім беру салаларында оқытудың дуалды жүйесін енгізу бойынша эксперименттік алаңын құру туралы» бұйрықтары негізінде дәнекерлеу ісі мамандығы, біліктілігі электр газымен дәнекерлеуші бойынша дуалды эксперименттік алаңы енгізілген. Колледжде дуалды оқыту туралы 2016 жылы «Ақжол» шаруа қожалығымен, ЖК «Г. О. Мусаева»  әлеуметтік серіктестермен төрт жақты келісімшарт жасалған. Жұмыс оқу жоспарлары әлеуметтік серіктестермен, аудандық кәсіпорындармен, облыстық кәсіпкерлер палатасымен келісіліп, бекітілген.

20170224_110131

Колледждің материалдық-техникалық базасы бойынша электр газымен дәнекерлеуші  біліктілігі бойынша біріктірілген оқу зертханасы бар.  Зертхана оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Студенттер өнді-рістік сабақтарында  арнайы жасақталған 10 дәнекерлеу постында жұмыс жасайды. Сонымен қатар  казіргі уақытта іс жүзінде барлық ТжКБ ұйымдары модульдік-құзыреттілік оқытуға көшуді жүзеге асыруда. Қаратөбе колледжінде 2017 жылдан бастап модульдік оқыту жүйесі енгізілген. Модульдік технологияның болашағы колледжде сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті дамыған тұлға және жоғары білімді маманды қалыптастырады. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес инновациялық тәсілдерді енгізу, оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. ТжКБ жүйесіне енгізілген модульдік оқытудың технологиясы студенттердің жұмысқа орналастыру сұрақтарына көп оң нәтижелер әкеледі және жұмыссыздық түйткілін шешуге мүмкіндік береді. Бір немесе бірнеше біліктілігі бар адам жыл бойы білім алуға және басқа мамандық бойынша біліктілікті алу үшін қайта дайындықтан өтуге қажеттілігі жоқ. Ол аталған біліктілікті қысқа мерзімде алып, жұмысқа орналаса алады. Оқыту материалдарының ауыспалы бөлімдерінің бөлімшелері бір-біріне тәуелді емес және әрбір бөлімнің оқыту материалдарын тез арада өзгертіп, толықтыруға мүмкіндік береді. Дұрыс құрылған модульдік бағдарламаның құрылымы білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне оқыту мазмұнын студенттердің меңгеруін және бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

«Бала тәрбиесі баршаға ортақ» дегендей, колледждің оқу-өндірістік жұмысымен қатар жүретін бала тәрбиесінде оқушылардың патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін дамытып, жеке тұлға болып қалыптасуына ерекше көңіл бөлінеді.

Осы орайда колледжде студенттердің қызығушылығын тудыратын үйірмелер мен спорт секцияларының жұмыстары жүйелі жолға қойылғанын атап өтуге болады. Осындай жұмыстар жүргізу арқылы жастарымыздың өз уақыттарын бос өткізбей, білімге жұмсауды, артында өшпейтін із қалдырып, мәнді де, сәнді де бақытты өмір сүруге ұмтылуына көмектесуіміз керек. Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және колледжден тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің тағы да бір негізгі шарттары - студенттерге даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды, ақпарат алды, яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады.

Студенттердің бос уақытын жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзінөзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.

Жастардың бойында отаншылдық, ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Жас сарбаз», туған өлкенің табиғаты мен тарихын тануға арналған «Жас турист», аспаздықтың қыр-сырын меңгертетін «Аспазшы мектебі», әсемдікке пен шығармашылыққа баулитын «Алтын оймақ» үйірмелері жұмыс істейді.

DSC_0044

Сонымен қатар колледжде өзіндік дәстүрмен енгізілген «Жүрегім толы мейірім», «Менің арманым бұлтты кезеді» атты аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің тәрбиеленушілеріне жылдың көктем-күз мезгілдерінде өткізетін қайырымдылық шараларын өткізеді. Сонымен қатар Халықаралық студенттер күніне «Студенттік бал» оқу жылының соңында әр топтың үздігін анықтайтын «Жыл үздігі», оқушылардың шығармашылығын дамытатын, өнерге жетелейтін «Кинофестиваль» қысқаметражды кинофильмдер шеруі, «Мұз маржандары», екі жылда бір рет өткізілетін өнерлі, шығармашыл жастарды анықтайтын аудандық мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы «BASTAU», «Мен таланттымын» өнер сайыстары, шорт трек сайыстары мен шаралары өзіндік қайталанбас түрлерімен ерекше. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап колледж өміріндегі түрлі  іс-шаралар мен жаңалықтарынан хабар беретін «Колледж айнасы» газеті шығарылады. Колледж студенттері мамандықтарына байланысты облыстық байқауларға, ауданда өтетін мәдени-көпшілік шараларға, акцияларға, түрлі спорттық сайыстарға, «Жасыл ел» бағдарламаларына белсенділікпен қатысып жүргенін баса айтуға болады. Бұл жұмыстардың жүргізілу нәтижесінде оқушылар жеке тұлға ретінде дамып, өз мүмкіндіктері мен талаптарын іске асыруда.

«Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» дейді дана халқымыз. Білім ордасын бітіріп, мамандықтары бойынша және басқа да түрлі салада қызмет жасап жүрген колледж түлектері өмірден өз орнын тапқан. Осындай қажеттіліктерді мейлінше меңгерту үшін бүгінгі таңда Қаратөбе колледжінде жүріп жатқан білім-білік дағдылары, кәсіптік бағдарлау, оқу-тәрбие ісәрекеттері, жаңа ізденістер мен әдіс-тәсілдер өз орнын тауып, қоғамымыздың қажеттілігіне сай атқарылып жатыр. «Түйір нан – тамшы тер» демекші, білім алушыларымыздың тарапынан жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет. Елбасы Жолдауында атап өткендей, кәсіптік білім беруге байланысты нақты міндеттерді орындау, еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті, шебер жұмысшылар мен мамандарды даярлауды жүзеге асыру – бүгінгі күні кәсіптік білім берушілердің алдында тұрған үлкен міндет. Ел ертеңі – жастардың қолында. Олай болса, еліміздің болашағы жастарымызға сенім білдіріп, мұрат жолында бірлігімізді танытайық.

Қаратөбе колледжінің әкімшілігі

 

ҚАРАТӨБЕ  КОЛЛЕДЖІ  ТАЛАПКЕРЛЕРДІ 

ОҚУҒА  ШАҚЫРАДЫ

(оқуға құжаттарды қабылдау онлайн режімде де жүргізіледі)

Шифр

 

Мамандықтың  атауы

 

1304012

 

Сандық  ақпаратты қайта өңдеу маманы  9-сынып базасы негізінде  2  жыл 10 ай

 

1504092

 

Электр  жабдықтарына  қызмет көрсету электр монтері

11-сынып базасы негізінде 10 ай.

1504062

 

Ауыл шаруашылығының тракторист-машинисі

11-сынып базасы негізінде 10 ай

1401032

 

Құрылыс  шебері  11-сынып базасы негізінде 10 ай

 

 

Байланыс тел.: 21 3 73, 31 6 12,  ұялы: 8 776 930 80 90, 8 776 220 00 04.

Эл. пошта: [email protected]

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале