28.09.2016, 16:13
Оқылды: 23

Дүркіреген жәрмеңке өтті ауданда

Зеленов ауданы орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. «Еңбек күні» мерекесіне орайластырылған жәрменкеге ауданның барлық округтерінде қызмет жасап отырған шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындар қатысты.

Бағасы төмен, сапасы жоғары өнімдерді алуға келген ағайынның да қарасы көп болды. Аудан әкімі мен басқа  атқамінерлер де сауданың қызған жерінен табылып, әр өнімнің талапқа сай болуы қадағалап, жәрменкенің жер базарға айналып кетпеуін бақылады. Тіпті күн райының бұзылып, жаңбыр жауғанына қарамастан Белестің ұнын, Макаровтың картобын, Дарьинканың сүт өнімдері мен шаруалардың еңбегімен өсірілген пияз бен қырыққабатын және де арнайы әкелінген қойды да ән сағаттың ішінде саудалап  кеткен тұрғындар осындай жәрменке жие өтіп тұрса деген тілекпен тарқасып жатты.jarmenkezelenov

  Переметный ауылының тұрғындары Ертай және Жұмағыз Сәрсенбаевтардың пікірі:

         -Жәрмеңке ұйымдастырған аудан басшыларына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бағасы да дүкендер мен базардағыдан әлдеқайда арзан. Сапасы да көңілімізден шығады. Керек дегеніміздің барлығын алдық. Алдағы уақытта да осындай жәрмеңкелер өткізіліп тұрса дейміз. Өйткені, өзіміздің өніміміз шеттен келген тауарлардан әлдеқайда сапалы әрі дәмді.

 

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале