12.09.2019, 11:10
Оқылды: 176

Мәдениет майталманының мерейтойы атап өтілді

Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің мәдениет үйінде мәдениет саласында көп жылдар бойы қызмет атқарған Мәуреш Жамашеваның 70 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті.

IMG_0099

Шара барысында Мәуреш Жамашқызының өмір жолы, атқарған қызметі мен ауыл мәдениетіне қосқан үлесі айтылды. Қызметтес болған әріптестері, шәкірттері естеліктерімен бөлісіп, тілектерін арнады. Аудан музейінің қорында сақталған 2001 жылы өткен аудандық «Дала дарындары» шығармашылық байқауының бейнежазбасы тамашаланып, Мәуреш Жамашеваның сол уақыттағы «Көкжиек» арнасына берген сұхбаты ұсынылды. Әнші Данабек Үмбетәлі «Ана туралы жыр» әнін шырқап, кештің шырайын келтірді.

IMG_0135

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов пен Ұзынкөл ауылдық округі аппаратының бас маманы Ғалым Құрмашев мерейтой иесін құттықтап, аудандық мәдениет үйі, кәсіподақ ұйымы мен аталған ауылдың әкімі Маркс Нұфтығалиевтің атынан алғысхат пен естелік сыйлықтар табыстады.

IMG_0090

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале