25.07.2023, 18:06
Оқылды: 16

Әкім жастармен кездесті

Бөкей ордасы ауданының басшысы Нұрлыбек Даумов «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мүшелерімен кездесті.

жастар

Ашық форматта өткен жиын барысында аудан басшысы жастардың аудан және ауыл көркеюіне үлес қосып жатқаны ұлы істердің бірі екенін айтып, алғысын білдірді.
Сонымен қатар Нұрлыбек Даумов аудан орталығында жастардың уақытын қалай еткенде тиімді, әрі көңілді өткізуге болады деп сұрады.

0da0103d-4958-4e84-91e7-6bef539b8344
Өз кезектерінде ауыл жастары жазғы демалыс барысында би кештері мен ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылса деген ұсыныстарымен бөлісті.
- Өткен аптадағы жиын барысында жастардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесі талқыланған болатын. Жиын қорытындысында бұл мәселе қолға алынатын болып шешілді. Әр демалыс күндері тек би кеші немесе ашық аспан астындағы кинотеатр емес, сонымен қатар караоке батл және тағы басқа шаралар ұйымдастырылып тұрады, – деді Нұрлыбек Даумов.

5f85dc8c-cdf0-40aa-92a2-d535221989f4
Бұл мәселе бойынша аудандық «Нарын жастары» қоғамдық бірлестігі төрағасы Медет Харесов те өз пікірімен бөлісті.
– Ашық аспан астындағы кинотеатр өткен жылы белсенді ұйымдастырылған болатын. Дегенмен проектор мәселесі күрделі болып тұр. Өткен жылдары сол проекторларды мектептерден сұрап жүрдік. Ал сол проекторды байқаусызда сындырып алсақ, өтеп беретін қаржымыз да жоқ. Осы мәселені шешуге атсалыссаңыз жақсы болар еді, – деді бірлестік төрағасы.
Өз кезегінде аудан басшысы проектор мәселесі міндетті түрде шешілетінін жеткізді.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мүшелерінің санын көбейту туралы мәселені ауылдық округ әкімдігінің маманы Мереке Бисенбаев көтерді. Маманның айтуынша, аталмыш жасақ мүшесі болуға қазіргі таңда 40-қа жуық студент қызығушылық танытып отыр екен.
- Бұл тек аудан орталығында. Ал басқа да ауылдық округтерді қосатын болсақ, жасақ қатарына кірем деушілердің саны одан да артады, – деді Мереке Бисенбаев.
Өз кезегінде аудан басшысы:
- «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы орындарын жылдан жылға көбеюде. Өткен жылы аудан бойынша 30 орын қарастырылған болса, биыл мүшелер саны 60-қа жетіп отыр. Әрине жастар аталмыш жасақ қатарына кіруге қызығушылық білдірсе, бұл керемет жаңалық. Бәлкім жоғарғы оқу орындарын тәмамдағасын жерде туған өлкесіне келіп қызмет етуді насихаттайтын едік. Аталмыш жасақ қатарын арттырудың еш қиындығы жоқ. Тек сол қатарды толтыруымыз қажет, – деді.

Еркебұлан Бисенғалиев,

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале