29.11.2023, 11:45
Оқылды: 13

Әкімі аппаратының жалпы бөлімінің де басшысы ауысты

Осыған дейін Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жаңа басшы тағайындалғандығын хабарлаған болатынбыз.

77030b59-b3f1-4388-b63a-968341a1d0cd

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің де басшысы өзгерді. Бұл қызметке Айбар Серіков тағайындалды.

Айбар Аңсарұлы 1997 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Әжібай ауылында дүниеге келген.

2018 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2018 жылдың шілде айында Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және мемлекеттік қызметтер бөлімінің машықкері қызметінен бастады.

2019 жылдың тамыз айынан Казталов ауданының жер қатынастары бөлімінің статист маманы;

2020-2021 жылдары Казталов ауданының  жер қатынастары бөлімінің бас маманы;

2021-2023 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы;

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале