Ақжайық ауданында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай допты хоккейден ауданның ашық біріншілігі ұйымдастырылды.
Хоккей ойынын ауданда дамыту және саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен жарысқа Чапаев, Тайпақ, Жаңабұлақ ауылдық округі, Орал қаласы, Бөрлі ауданы, Ақжайық аудандық полиция бөлімінің командалары қатысты.
Тартысты өткен бәсекеде Орал қаласы І орын, Чапаев ауылы ІІ орын, Тайпақ ауылдық округінің командасы ІІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ Ерік Абдолов (аудандық полиция бөлімі) «Үздік ойыншы», Ринат Абатұлы (Жаңабұлақ) «Үздік шабуылшы», Асылбек Файзоллаұлы (Бөрлі ауданы) «Үздік қорғаушы» және Асхат Рамазанов (Орал) «Үздік қақпашы» аталымдарымен марапатталды.
Ал 11 ақпанда қысқы балық аулаудан ересектер арасында «Алтын балық-2025» аудан турнирі өтті.
Жарыстың нәтижесінде Мұхит Өтесбаев «Сайыстың ақсақалы», Әсет Еркінғалиев «Ең үлкен балық» аталымдарымен марапатталды. Асланбек Сәрсенбаев І орын, Михаил Жұмағұлов ІІ орын, Николай Горбунков ІІІ орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен үздік ойыншылар «Жігер» спорт клубының атынан диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен қошеметтелді.
Айжан Ақыл,
Ақжайық ауданы