30.01.2019, 16:49
Оқылды: 26

Ақжайықта былтыр 71 аңшы мылтығы жойылған

Қызметтік және азаматтық мылтықтар мен олардың оқ-дәрісінің айналымы, сақталуы және пайдаланылуына қатысқы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақжайық ауданында «Қару» жедел-профилактикалық шарасы ұйымдастырылды.

мылтык

         Полицияның аудандық бөлімі мен Тайпақ бөлімі оқ ататын қарулары тіркелген 462 азаматты тексерді. Соларды қауіпсіз сақтау, алып жүру және тіркеуге байланысты қағидалардың бұзылғаны үшін 5 хаттама толтырылып, жалпы соммасы 63 125 теңге айыппұл салынды.

         Әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Аман Әлмұхановтың айтуынша, оқ ататын қаруларға байланысты өткен жылы түрлі құқық бұзушылықтар үшін 78 әкімшілік хаттама толтырылған. Ал 71 аңшы мылтығы жойылған, оның 61-ін тұрғындар полицияға ерікті түрде тапсырған.

Болат Қосжанұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және

Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале