4.02.2019, 12:56
Оқылды: 26

Ақжайықтағы пәтердің кіреберісінен өрт шықты

3 ақпаннан 4 ақпанға қараған түні, сағат 02.30 шамасында Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы Достық көшесі бойындағы 2 қатарлы үйдің бір пәтерінің кіреберісінде өрт шықты.

пожар

         Тілсіз жаудың себебі – сол кіреберісте орнатылған жылу пеші мұржасының өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзып салынуынан болып шықты. Яғни, бұрында пәтерге қосымша тұрғызылған кіреберісте орнатылған пеш мұржасы мен жалпы аумағы 12 шаршыметр шатыр арасында от қызуы болып, төбенің жануына әкелуі ықтималдығы қаперге алынбаған. Сәтін салғанда, №24 өртпен күрес бөлімінің қызметкерлері өртті барынша тез ауыздықтады, тұрғындардан зардап шеккендер жоқ.

Болат Қосжанұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале