16.06.2023, 22:26
Оқылды: 102

Аудан әкімі Азия чемпионын қабылдады

Күні кеше ғана “Азиядан Сырымға алтын “жауды”!” деп үш бірдей жерлесіміздің Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынғанын сүйіншілеп жазған едік.
IMG_1070 (1)
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, ардагер спортшы Санат Берсебаев бастаған, А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, “Қайсар” спорт клубының ұжымы Азия чемпионы Қанат Жанғалиевті сырымдықтар бауырсақ пен ақ  дәмнен ұсынып қарсы алды.
IMG_1077
Аудан әкімі 40-44 жас аралығындағы ардагер самбошылар арасында 64 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған жосалылық Қанат Жанғалиевті қабылдады.
- Ауданның намысын Азия чемпионатында қорғап, жеңіс тұғырынан көрінгеніңіз жерлестеріңіз үшін үлкен мақтаныш. Бұл жеңіс жас өрендердің спортқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Аталған жеңісіңіз ауданның ғана емес, өңіріміздің тарихында айрықша орын алары сөзсіз, - деді чемпионға құттықтау хат пен естелік сыйлық табыс еткен аудан басшысы.
Аудан басындағы ұстазы Санат Берсебаев, спорттағы аға-інілері де ақжарма тілектерін білдіріп, чемпионға құрмет көрсетті.
Қанат Берденғалиұлы жылы тілегін жолдаған жерлестеріне, аудан әкімдігіне алғысын білдірді.
Азия чемпионатының алтын медалін мойнына таққан Қанат Жанғалиев қыркүйек айының басында өтетін Орал қаласындағы самбодан Әлем чемпионатында бақ сынамақшы.
Жерлестерімізге әлемдік додада сәттілік тіледік!
IMG_1076
P.S. Салтанатты қабылдау рәсімі спортшының туған жерінде халықпен кездесу жиынына ұласты.
IMG_1073
Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале