30.01.2019, 17:43
Оқылды: 23

Бәйтеректік еңбек ардагерінің кітабы шықты

антоновичБәйтерек ауданына танымал еңбек ардагері Николай Анципровичтің есімін біраз ел біледі.

Ауданның қоғамдық-саяси, мәдени өміріне белсенді түрле араласып келе жатқан еңбек майталманының өнегелі ғұмырының бүгінгі ұрпаққа берері көп.

Бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Николай Антонұлының бала кезден бергі серігі – өлеңдері.

Оның өлеңдері аудандық «Ауыл тынысы», облыстық «Приуралье» газеттері бетінде жарияланып келеді.

«ҚазИИТУ» білім ордасының қолдауымен жерлес ақын Николай Анципровичтің «Моя Астана» атты жыр жинағы жарыққа шықты.

Жинаққа оның әр жылдарда жазылған өлеңдері мен сиясы кеппеген туындылары да еніп отыр.

Ендігі сәтте кітаптың тұсаукесері 8 ақпанында Орал қаласындағы «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде өтпек.

 

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале