17.03.2022, 9:30
Оқылды: 79

БАҚ еркін болуы керек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауын жариялады.

Елдің жыл бойына даму бағытын айқындайтын құжатпен әр қазақстандық мұқият танысқаны сөзсіз.

орынбасаров

Атауы айтып тұрғандай, Президент бұл жолдауда «Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе» деп, басты назарды саяси бағытқа бұрды.

Осы орайда Теректі аудандық мәслихат депутаты ретінде мен мәслихат жұмысы жөнінде айтылған жолдарға назар аудардым. «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн» деген Президент сөзі біздің қызметімізге тың серпін берері анық.

Президенттің «Бұқаралық ақпарат құралдары  бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез-келген өркениетті ел үшін  айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты» деп  бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде айтқаны менің кәсіби қызметіме тікелей байланысты.

Бұл жолдар жалпы журналистер жұмысына берілген бағыт деп білемін. Тек, еркін болуы керек дегенді тіке түсініп, оңды-солды сөйлеуден, жалған, анықталмаған ақпараттар таратудан, біреулердің көзқарасын насихаттаудан аулақ болу қажет.

Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Біз бұл міндетті  жоғары азаматтық жауапкершілікпен атқаруымыз керек.

Қасым-Жомарт Кемелұлының «Журналистер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары бекерден бекер «төртінші билік» атанбаса керек. Сол себепті сіздер жұрттың санасы мен сезіміне ықпал ету мәселесіне мұқият қарағандарыңыз жөн. Мен мұны журналистер қауымына арнайы айтып отырмын» деген сөздерін мен өзіме және қызметтестеріме жүктелген міндет деп білемін.

Және де, елжанды азамат ретінде, «төртінші биліктің» сарбазы ретінде осы міндетті атқаруға дайынмын.

Әділет Орынбасаров,

«Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінің директор-редакторы

Теректі аудандық мәслихат депутаты

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале