17.09.2019, 15:53
Оқылды: 90

Бөкей ордасы ауданында биыл 14 жас маман баспана алды

Бұл туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдоллина қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді. Бөкей ордасы ауданында биыл 14 жас маман бюджеттік кредит алып, баспаналы болса, 38 жас көтерме жәрдемақы алған.

baspana

Жастар жылына байланысты маусымнан бастап, жас мамандарға ұсынылатын біржолғы жәрдемақы 100 АЕК тең сомаға өскен. Аудан бойынша сегіз жас маман осы өсіммен 252 580 теңгеден көтермеақы алған. Ал, 1 маусымға дейін тапсырыс берген қалған отыз маман 70 АЕК мөлшерінде, яғни, 176750 теңге көлемінде көтермеақы алған.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале