27.04.2021, 14:42
Оқылды: 66

Дарияндық шебер қолөнер сабағын өткізеді

Айналамызға қарасақ, көмекке мұқтаж адамдар көп. Біріне қаражат, біріне тағам, енді біріне мейірім жетпей жатады. Қоғам болған соң жай ғана көңілі мен жаны қалайтын іс таппай жүрген жандарды да кездестіруге болады.

 IMG-20210427-WA0003

Сондай жаны қолөнерге құмар жандардың басын біріктіп, бос уақытын тиімді өткізуге жәрдемдесу үшін Дариян ауылдық мәдениет үйінің «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Эльвира Мухамбетова ауылдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, аптасына бір рет тегін қолөнер сабағын өткізеді.

IMG-20210427-WA0000

Ерекше жандардың қолынан шыққан бұйымдарын көпшілікке насихаттап, оларға қамқорлық таныту және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнеріне деген қызығушылықтарын ояту мақсатында өткізілетін сабаққа келушілер саны өскен.

IMG-20210426-WA0019

- Бұл бастама осынша қолдауға ие болады деп ойламадым. Мекемеде қызмет алушылардың қызығушылығы жоғары. Тіпті аптасына бір емес, бірнеше рет келуімді өтініп жүргендер де бар. Әсіресе тоқу өнеріне қызығатындар көп, - дейді шебер Эльвира Мұрадымқызы.

Дариян мәдениет үйінің әдіскері Балым Ниетова аптасына бір рет өтетін сабақты қызмет алушылар асыға күтетінін айтады. Оның сөзінше, бұл бастама көп адамның қызығушылығын оятқан. Ал арнайы мекеме директоры Дастан Қадырұлы сабаққа қажетті материалдарды алып береді екен.

 

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале