15.06.2022, 19:19
Оқылды: 42

Енді полигонның да «қожайыны бар»

Жалпы, қоқыс полигонының мәселесі – бұған дейін де талай жиналыста көтеріліп, көптің талқысына түскен тақырып. Тіпті полигон аумағына не төгуге болатынынан бастап, сол полигонның төгілген қоқыстың ауылға «кері көшіп келіп жатқанына» дейін айтылды.

кокыс-1

Бүгінде сол полигонға қатысты біршама өзгерістер орын алған. Күні бүгінге дейін ауылдық округ әкімдігіне қараған полигон қазіргі таңда «Елеусін» шаруа қожалығына сенімгерлік басқаруға берілді.

Сонымен қатар, аталмыш полигонның 47 гектар жері қоршалып, қазіргі таңда қоқысты сырып тазалау жұмыстары қолға алынды.

«Бұл өзгерістердің пайдасы қандай?» деген сұрақтарыңыз болса жауап та дайын.

– Жалпы, қоқыс полигонын сенімгерлік басқаруға берілген бәрімізге тиімді. Біріншіден, бұл тазалық. Тек тазалық емес, сонымен қатар жауапкершілік. Қазіргі таңда жауапты кәсіпкер полигонға қарасты аймағын тазалықта ұстауы тиісті. Тіпті полигон аумағын қоршап та қойдық. Аталмыш жұмыстарға жеті миллионға жуық ақша жұмсалды. Ендігі кезде – кәсіпкердің пайдасы. Қазіргі таңда жеке тұлға полигонға қоқыс әкеліп төгетін болса, төккені үшін ақысын төлейді. Ал қандай сома көлемінде қанша болатынын мен сізге айта алмаймын. Енді ақшасын төлемей, полигон аумағына жеткізбей қоқыс төккен азаматтарға әкімшілік айыппұл қарастырылған. Аталмыш мәселе бойынша жергілікті атқарушы орган және АІІБ айналысатын болады. Қазіргі таңда жоғарда айтылған заң бұзушылық бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалады. Дегенмен, бір апта көлемінде айыппұл сомасын өтесеңіз 50% жеңілдік қарастырылған. Ал енді мүлдем төлемеймін деген азаматтардың ісі сот орындаушысына жолданып, заң талабы бойынша өндірілетін болады. Сонымен қатар, болашақта бейне бақылау орнату жоспарда бар, – деді Сайқын ауылдық округ әкімі Нұргүл Омарова.

Еркебұлан Бисенғалиев, 

Бөкей орда ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале