15.12.2021, 10:20
Оқылды: 448

Ескерткіш тақта ашылды

Жаңақала ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» ордендерінің иегері Кәкен Көбейсіновке ауданаралық сауықтыру-оңалту орталығында ескерткіш тақта орнатылды.

04308FDD-A635-46F3-B8B2-A88D95DA40EF

Салтанатты жиынға аудан әкімі Дархан Әмірханұлы, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, мекеме басшылары, еңбек ардагерлері, Кәкен Көбейсіновтің жұбайы Күлән Мұқашқызы және ұрпақтары қатысты.

Алғаш боп сөз алған аудан әкімі  Дархан Закарин К.Көбейсіновтің халық үшін жасаған жақсылықтарын айтып, шараға қатысушыларды құттықтады. Кәкен Көбейсіновтің інісі Мәлік Құспанұлы мен замандас інісі, ақын әрі журналист Закария Сисенғали сөз алып, ол кісінің ел тағдырына бей-жай қарамай бірнеше мәрте экспедиция жасап, Батыс Қазақстан облысында полигонға қатысты зерттеулер жүргізгенін, жоғары билікке мән-жайды жеткізіп, ауданымызда орналасқан сауықтыру-оңалту орталығын ашуға үлкен үлесі болғандығын тілге тиек етті.

091708FA-B221-4855-B178-BB9A073D0031

- Менің алдымда сөйлеген Закария дос өте жақсы айтты. Кәкен ағамыздың ел үшін жасаған еңбегі өлшеусіз. Жауапты қызметтерден бөлек ол кісінің тағы бір қыры жазуға қабілетінің жоғары болғандығы еді. Облыстық басылымдарға бүркеншек есіммен әңгімелер де жариялап тұрды. Оны көпшілік біле бермейді. Қызметіне байланысты өзінің атынан жариялаған жоқ. Елбасымен де 2-3 мәрте кездесіп, ел тағдырын, келелі мәселелерді айтып, оның оңынан шешілуіне де үлкен үлесін қосты. Орал қаласының және үш ауданның «Құрметті азаматы» деген атақты алды. Бір кісіге аз жетісітік емес. Біз ол кісіні ешқашан ұмытпаймыз, жүрегімізде сақтаймыз, - деді ақын әрі журналист Ғайса-Ғали Сейтақ.

4B9C2BCD-F3E8-49BD-81C3-D25383415C64

Ескерткіш тақтаны жұбайы Күлән Валиева және ауданымыздың құрметті азаматы Закария Жүсіпқалиұлы ашты. Кәкен Көбейсіновті еске алу құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланды.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале