29.01.2020, 18:59
Оқылды: 82

«Қазына» коворкингіндегі ізгі шара

 

Теректі ауданының «Қазына» коворкингінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына орай ізгі шара өтті.

terekti abai (2)

Оған аудан әкімі Әділ Жоламанов, ауданның құрметті азаматтары, ақсақалдар, мемлекеттік қызметкерлер, мектеп мұғалімдері мен кітапханашылар және жастар қатысып, қазақтың кемеңгер Абайы туралы мәнді ойларымен бөлісті.

terekti abai (3)

Өз кезегінде Абай шығармаларының  орыс халқының мәдени мұрасымен тығыз байланысына тоқталған ауданның құрметті азаматы Александр Попов мәнді де мағналы сөз сабақтаса, ауыл  ақсақалы Сәлім Қоқашев ақын сөздерінің тәрбиелік мәніне тоқталды.

terekti abai (5)

Ал Федоров қазақ мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжанар Имашева Абай сөздерінің жас ұрпақ санасына әсерін, білім беру үдерісіндегі орынын тереңнен толғады.

Камелия Өтеу

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале