26.08.2022, 22:52
Оқылды: 44

«Нарыннан көшкен ел наласы»

Бүгін Жаңақала аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Азғыр», «Капустин Яр» әскери сынақ аймақтарының құрылғанына - 70 жыл толуына орай «Нарыннан көшкен ел наласы» атты дөңгелек үстел өтті.

IMG_9470

1940-шы жылдардан бастап қазақ даласының 34 жеріне ұлтымыз үшін аса қатерлі дүние - атом, сутегі қаруларын сынақтан өткізетін әртүрлі полигондар орнатты. Бұлардың бәрі тек қана қазақтар қалың қоныстанған өлкелерге арнайы қондырылған. Атағы жер жүзін үрейлендірген Семей жеріндегі атом сынақ полигонын былай қойғанда 1950 жылдары Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының аумағында  әскери-техникалық «Азғыр» атом полигон жүйесі құрылды. Соңынан үрейлі «Капустин Яр» полигонына айналды.

Жиынды мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов ашып жүргізді.

Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрғали Ғаббасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Шапихұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  бас  маманы Гүлжан Насибуллина, «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының статист дәрігері Нұртай Құсайынов, Жаңақала мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі Еркебұлан Еркінұлы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жасақтау бөлімшесінің бастығы, аға сержант Жоламан Абдрахманов,  «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының ем алушылары Ғалымжан Нұрымғалиев, БҚО «Ерекше тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің орынбасары Серік Саргозиев, ардагер Шаһидолла Абуғалиев, ардагер-ұстаз Ақмарал Сапарова және қонақтар қатысты.

Алғашқы болып аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрғали Ғаббасов кіріспе сөз оқыды. Мақсот Шапихұлы, Гулжан Насибуллина, Нұртай Құсайынов, Еркебұлан Еркінұлы, Жоламан Абдрахманов өз баяндамаларын көрерменге жолдады.

Аудандық кітапхананың кітапханашысы Г.Көшкінбаева дөңгелек үстелге жиналған қауымға «Капустин Яр әкелген қасірет» атты кітап көрмесін ұсынды.

Жиын соңында келген қонақтар өз ойларын білдіріп, пікір алмасты.

Арайлым Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале