13.02.2024, 17:15
Оқылды: 8

Облыс намысын қорғайды

Жуырда Казталов ауданында қол күресінен 2001-2004 жылы туған жастар мен қыздар, 2006-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қол күресінен Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен еді.

5fef9188-b39e-4c2a-be9e-f002684105c8

Аталмыш чемпионатқа 12 команда, 150-ге жуық спортшы қатысса да, жәнібектік қол күресшілер есені жібермеді. Сайып келгенде, 65 келі салмақта Әлімжан Қадыров ІІ орынды, 80 келіде Әлихан Берікқали І орынды иеленді.

Қазіргі таңда Орал қаласында гір спорты мен қол күресі федерация президенті Мұрат Ибатовтың шәкірттері, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері де жүлделі оралды.

Атап айтсақ, 75 келі салмақта Жалғас Берікқалиев және +80 келі салмақта Рахат Көшкенғали алтын жүлдені қанжығаға байлады.

Жеңімпаз атанған спортшыларымыз Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс намысын қорғайды.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале