17.04.2024, 20:05
Оқылды: 44

Шыңғырлау ауданы Ардақ ауылында "Қаныш Қазына" атты фильмі көрсетілді

Шыңғырлау ауданы Ардақ ауылдық округінде Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай Ардақ ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастырумен «Академик Қаныш Сәтбаев – көрнекті ғалым ұйымдастырушы» атты дөңгелек үстел өтті.

437845714_404244689220925_3071651603517743823_n

Іc-шараға кітапхана меңгерушісі мен мектеп оқушылары қатысты. Кітапхана меңгерушісі Ақтілек Жауынбаева оқушыларға кітап көрме ұйымдастырып, академик ғалымның өмір жолы мен атқарған қызметі туралы оқып, танымдарын кеңейтті.

437763501_404244842554243_6295873284457382417_n

Кештің соңында "Кино TIME" жобасы аясында Ерлан Нұрмұхамедовтың "Қаныш Қазына" атты фильмі көрсетілді.

Фильм геолог-ғалым, инженер, минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Телехикая ұлы тұлғаның бізге беймәлім қырларын кеңінен алатын сан қилы оқиғалар желісінен тұрады. XX ғасырдағы қазақ жұртының қилы тағдыры, арманы, мақсат-мүддесі, мемлекеттік биіктерге, соның ішінде индустрияландыру ісін шет елдерден тәуелсіз етіп, өз жерімізде қарқынды жүргізуге және кең өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары, қазақ даласындағы саяси қарым-қатынас, достық, сатқындық көрсетіледі.

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале