Сырым ауданындағы Қ.Мырзалиев атындағы мектепте республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлдеге ие болған жеңімпаздарымен «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» атты кездесу өтті.
Жүлдегер оқушыларды мектептің директоры Марат Ақбасов құттықтап, алғысын білдірді. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған ұстаздар атынан Гүлдана Нұғманова мен Жаслана Жайманова сөйлеп, берген білімді, бағыт-бағдарды іліп әкеткен білімпаз шәкірттеріне разылықтарын білдірді.
Шара барысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастыруымен өткен эссе байқауының жеңімпазы Томирис Толқыноваға БЖЗҚ-ның Сырым аудандық филиалының грамотасы және «Меломан» дүкенінің 20 мың теңгелік картасын табысталды.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер